7.4. Өтпелі процестердің сапасын бағалау әдістері
Өтпелі процестердің сапасын бағалау тікелей және жанама әдістермен жүргізіледі. Тікелейге жиіліктік сипаттамалар бойынша бағалау әдістері жатады. Жанамаға сапаның интегралдық критерилері есептелінетін интегралдық бағалау әдісі, кеңейтілген амплитуда-фазалық сипаттама әдісі жатады.
Сапаны бағалау өтпелі процес графигі бойынша жүргізілетін және өз кезегінде әр түрлі әдістермен тұрғызылатын тікелей әдісті қарастырамыз.
Практикалық қолайлы және есептеу аспектісінде қызықты типтик сипаттама арқылы өтпелі процес графигін тұрғызу әдісі ұсынылады.
Осы әдісті қоладну үшін теңдеудің нақты және жорамал бөліктерін ажырату арқылы амплитуда-фазалық сипаттамадан алынуы мүмкін болатын нақты жиіліктік сипаттама құру керек. Нақты бөлігін нольге теңестіріп, нақты жиіліктік сипаттама НЖС теңдеуін аламыз.